Эльф патшаларының сән-салтанатына лайық, тігін мен кесте өнерінің жоғары шеберлігімен ерекшеленген ең талғампаз көйлек немесе костюм үшін
Сауыт-сайман, қару-жарақ және түрлі крафт бұйымдарын жасауда ергежейлі ұсталардың шеберлігімен тең түсер косплейер-шеберге беріледі
Грим, маска, макияж бен образды сомдау өнері тоғысқанда нағыз түрлену сиқыры басталады
Косплей әлеміне жаңа қадам басса да, таланты мен әлеуетін айқын таныта алған косплейер
Жарықтандыру, механика және аниматроника мүмкіндіктерін шебер үйлестіріп, технология мен қиялдың арасындағы шекараны жойған ең озық костюм үшін
Алып сауыт, механикалық алып, робот немесе құбыжық бейнесіндегі ең әсерлі костюм үшін
Фестиваль басталған сәттен-ақ көптің назарын өзіне аударып, сахнада да, сахна сыртында да жарқырай білген қатысушыға беріледі
Экрандағы не қағаз бетіндегі кейіпкерді таңғаларлық дәлдікпен шынайы бейнеге айналдыра алған косплейерге арналған номинация
Бүкіл отбасы бір командаға айналып, сүйікті кейіпкерлерін бірге сомдағанда
Көрерменді тәнті етіп, сахнаны ұмытылмас энергия мен ерекше атмосфераға бөлеген ең жарқын шоу үшін
Түпнұсқаның әр бөлшегін қалт жібермей жеткізгені үшін: дәл таңдалған материалдар, атрибуттар, қару-жарақ, стиль және образды сомдау
Әр косплейер өз алдына бір кейіпкер, ал бас қосқанда ешкімге дес бермес командаға айналатын ең үздік топтық қойылым үшін
ТЕК ХЭНДМЕЙД, ТЕК ХАРДКОР!
Әр бөлшегі қолдан жасалған образ үшін, косплейдегі нағыз хард-мод
Авторлық идеядан туған, концепциядан бастап толыққанды образға дейін жүзеге асырылған ең үздік кейіпкер үшін
Stark Industries зертханаларына лайық косплей, цифрлық модельдеу, 3D-баспа және озық технологиялардың үйлесімі